русский язык

«Ақжайықтан» ойыншылар кете бастады

«Ақжайықтан» ойыншылар кете бастады

Биылғы маусымды сәтсіз өткізіп бірінші лигаға түсіп қалған Оралдың «Ақжайығынан» ойыншылардың алды кете бастады.

Чехиялық қорғаушы Якуб Хлебоун мен босниялық ойыншы Недо Туркович «Ақжайықтан» кететіндігі жайлы мәлімдеді. Хлебоун биылғы маусымда 31 матчқа қатысып үш рет көзге түсті. 28 жастағы футболшы енді премьер-лигадағы клубтардың біріне ауысатынын айтты.

«Ақжайықтың» тағы бір легионері босниялық Недо Туркович те клубта қалмайтындығын білдірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;