русский язык
Хоккей

Кэм Баркер «Барыстың» сапына аусуы мүмкін

Кэм Баркер «Барыстың» сапына аусуы мүмкін

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы Ұлттық хоккей лигасының ойыншысы, қорғаушы Кэм Баркермен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, келлісөз сәтті аяқталса, ойыншының Құрлықтық хоккей лигасындағы екі апталық демалыстан кейін «Барыс» сапына қосылуы әбден мүмкін. К.Баркер «Чикаго Блэкхоукс», «Миннесота Вайлд», «Эдмонтон Ойлерс» және «Ванкувер Кэнакс» сынды командаларда өнер көрсетті. Ұлттық хоккей лигасында ол жалпы саны 310 матч өткізіп, 96 ұпай жинаған.

Естереңізге сала кетсек, соңғы матчта Астана қаласының хоккей клубы «Салават Юлаевты» жеңіп, екі апталық демалысқа шықты. «Барыстың» келесі ойыны 13 қараша күні сырт алаңда өтеді. Латвияның Рига қаласында жергілікті «Динамо» хоккей клубымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;