Головкин мен Мартиросян салмақ өлшеу рәсімінен өтті
![Головкин мен Мартиросян салмақ өлшеу рәсімінен өтті](https://prosports.kz/upload/news/content/472_17f2a064cec294c246c1f231e5ffe60f.jpg?v=28704501)
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян жекпе-жек алдында салмақ өлшеді.
Головкин таразыда 160 фунт көрсетті. Ал Мартиросянның салмағы – 159,6 фунт. Осылайша, екі боксшы да орта салмақ дәрежесінің лимитінен асқан жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, жекпе-жекке 30 күн қалғанда боксшылар салмағы мынадай болған: Головкин – 165,8 фунт, Мартиросян – 170 фунт.
Ал бір апта қалғанда Головкин 162,9 фунтқа дейін салмақ тастаса, Мартиросян таразыда 167,1-ді көрсетті.