русский язык

Қазақстандық тоғыз ауыр атлетші екі жылға спорттан шеттетілді

Қазақстандық тоғыз ауыр атлетші екі жылға спорттан шеттетілді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы биылғы жылғы жарыстарда допинг қолданған спортшылардың тізімін жариялады. Араларында тоғыз қазақстандық атлет бар.

Астанада өткен Азия чемпионатында алтын алған Александра Аборнева мен Александр Зайчиков, қола жүлдегер Евгений Ефстафеев 2015 жылға дейін спорттан кетті. Үшеуі де тестостерон қолданды деп айыпталуда. Үш спортшы Астанада өткен Азия чемпионатындағы медальдарын қайтарып беруі тиіс.

Сондай-ақ Бішкекте өткен жастар арасындағы Азия біріншілігінде жүлде алған алты қазақстандық допинг дауына ілінді. Чемпиондар Ерболат Жоламанов пен Максим Локтинов, Әсем Сәрсекенова, Ғалымбек Жұбатқанов, күміс жүлдегер Майра Файзоллаева, Айдар Казов екі жыл жарысқа қатыса алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;