русский язык

Олимпиада чемпионы біп аптаға түрмеге жабылды

Олимпиада чемпионы біп аптаға түрмеге жабылды

Жүзуден Олимпиада чемпионы қытайлық Сунь Ян автокөлікті жүргізушілік куәлігінсіз басқарғаны үшін өмірінің жеті күнін абақтыда өткізеді. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Спортшы Weibo (Twitter-дің қытайлық баламасы) парақшасындағы өзінің оқырмандарынан кешірім сұраған көрінеді.

Жүзушіні жексенбіде Қытайдың шығысындағы Гуанчжоу қаласында оның көлігінің артына автобус соғылған кезде ұстаған екен.

Лондон Олимпиада ойындарында екі алтын медаль иеленген 21 жасар спортшы бұл оқиғаны қателік деп атап өтті. Осы орайда ол өзінің бар уақытын жаттығуға арнағандықтан, заңнаманы дұрыс білмейтіндігін алға тартуда.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;