русский язык

«Ақжайық» - «Атырау» кездесуі Орал қаласында өтеді

Қазақстан Премьер лигасының тоғызыншы туры аясындағы «Ақжайық» пен «Атырау» командаларының арасындағы кездесу Орал қаласында өтеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Оралдық клуб осының алдында өз алаңында өтуі тиіс ойындарды Ақсай қаласында қабылдап жүрген. Енді міне Петр Атоян атындағы негізгі алаңында өткізуге мүмкіндік туды.

Аталған матч 9 мамыр күні Астана уақытымен 14:00-де басталады.

Команда Премьер лига аясындағы үш ойынды және Қазақстан кубогы аясындағы бір матчты Ақсай қаласында өткізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;