Дзюдо

Өскеменде дзюдодан ашық чемпионат өтіп жатыр

news-banner7
mobile-news-top

23 жасқа дейінгілер арасындағы ашық чемпионатқа 300-ге жуық шығыс жекпе-жегінің шеберлері Өскеменде жиналды деп хабарлайды 24kz өз сайтында.

Бұл жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан спортшылары да қатысып жатыр. Жарыс бағдарламасы бойынша ерлер 3 және қыздар 3 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтамақшы. Чемпионат 2 күнге созылады. Жалпы қорытындысы ертең белгілі болады. Айта кетейік, Өскмендегі ашық чемпионат белгілі дзюдо және самбо шебері Талғат Ақтаевтың құрметіне ұйымдастырылып отыр. Ол 2005 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ал соңғы 3 жылда ашық форматқа көшіп, оған басқа мемлекеттің спортшылары да қатысуға мүмкіндік алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер