русский язык
Бокс

Қанат Ислам министр Мұхамедиұлы бастаған флешмобқа жауап берді (видео)

Кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Қанат Ислам Street Workout KZ челленджіне қатысты. Аталған акцияны еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған болатын.

Флешмоб туралы естіген Қанат Ислам қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

“Бұл челленджді кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке және аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаровқа жолдаймын”, – дейді боксшы видео-жолдауында.

Айта кетейік, министр бастаған флешмобқа олимпиада чемпиондары Бахтияр Артаев, Серік Сәпиев, Олимпиада жүлдегері Арман Чилманов, 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы Ілияс Сүлейменов және танымал әнші Қайрат Нұртас қатысқан болатын.

Түпнұсқасы: Stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;