русский язык

Алсександр Кузнецов: «Slovakia Cup» жаңа есімдерді ашады деп сенемін

Алсександр Кузнецов: «Slovakia Cup» жаңа есімдерді ашады деп сенемін

2000 жылғы футболшылардан құралған Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Кузнецов оқу-жаттығу жиыны мен Словакияда өтетін турнирге қатысты ой-пікірімен бөлісті.

– Түсіністік пен қолдау көрсеткен барлық клубтарға алғыс айтқым келеді. Словакияда өтетін беделді «Slovakia Cup» халықаралық турниріне қатысамыз. Жарыстың ФИФА күнтізбесіне сәйкес келмейді. Алайда, Қазақстан футбол федерациясы мен клубтар құраманың мүддесіне жоғары бағалады. Талғарда басталған оқу-жаттығу жиынына барлық футболшыларды шақырдық. Өкінішке қарай, жарақаттарына байланысты 7 футболшы қатыса алмайды. Олардың орнына бір жасқа төмен футболшыларды шақырдық. Өткен жылы да жас футболшылардың шеберлігін дамыту бағыт қолға алған болатынбыз. Жақыпбаев, Сағынаев, Усачев, Сейдахмет – команданың көшбасшылары. Енді олардың орнын басқа футболшылар басады.

Біздің топта мықты қарсыластар жиналған. Олар – Украина, Чехия және АҚШ. 2017 жылы америкалық футболшылар Әлем Чемпионатына (19 жасқа дейінгі ойыншылар арасында) қатысып, үздік сегіздіктің қатарына енді, Киевтің «Динамо» және донецкінің «Шахтер» командаларының көшбасшыларынан құралған Украина құрамасы әрқашан өз мектебімен мақтанады. Чехия құрамасы соңғы ойынында Дания құрамасын ойсырата ұтты. Біздің футболшылар үшін теңдессіз тәжірибе болмақ. Жаттықтырушылар штабы пайдалы мәліметтер алады. 2018 жылдың қараша айында өтетін Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде қандай футболшылар көмектесе алатынын іс жүзінде көреміз. Жаңадан шақырылған футболшылардың дайындығын тексереміз.

Шақырту алған футболшылар өздеріне берілген мүмкіндікті толықтай пайдаланып, жанкештілік таныту қажет екенін ұғынған жөн. Оқу-жаттығу жиынының алғашқы күнінен бастап футболшылардың көңіл-күйі жақсы. Әрине, сенімді футболшылардың қол ұшын соза алмайтыны анық. Алдағы турнир жаңа есімдерді ашады деп сенемін.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;