Күрес

Алматыда күрестен әлем чемпионаты өтуі мүмкін

Алматыда күрестен әлем чемпионаты өтуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Түркия мен Қазақстан 2019 жылғы спорттық күрестен әлем чемпионатын өткізуге өтініш берлі, деп хабарлайды Р-Спорт

Басылым атап өткендей, 2019 жылғы әлем чемпионатында Токиода 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады.

"Бүгін де 2019 жылғы әлем чемпионатын өткізуге екі қала өтініш беріп отыр – Стамбул мен Алматы. Осы екі ел не ұсына алатынын мұқият зерттеп жатырмыз. Маусым айында атқару комитеті (UWW) шешім қабылдайды. UWW атқару комитеті өз шешімін атқару комитеті бюросының мүшелеріне ұсынады, ал бюро отырысы Римде шілденің аяғы – тамыздың басында өтеді. Сол кезде 2019 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетінін жариялайтын боламыз", — деп мәлімдеді Біріккен күрес әлемі (UWW) президенті Ненад Лалович тілшілерге.

UWW басшысы атап өткендей, ұйым қазіргі таңда әлем чемпионатына дайындық барысын бұрынғыдан да мұқият қадағалап жүр.

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер