Күрес

Алматыда самбо мен жауынгерлік самбодан ашық республикалық турнир өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Мамырдың 5-і мен 6-ы аралығында «Достық» спорт кешенінде «Жеңіс күніне» орай самбо мен жауынгерлік самбодан ашық республикалық турнирінің жалауы желбірейді.

Самбо бәсекесіне 18 жасқа толған спортшылар қатыса алады. Олар тоғыз салмақ дәрежесінде 52 кг, 57 кг, 62 кг, 68 кг, 74 кг, 82 кг, 90 кг, 100 кг, +100 кг. жарыс жолына шығады.

Турнирдің басты мақсаты жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, самбо мен жауынгерлік самбоны дамыту және қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыру болып табылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер