Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словакияда өтетін турнирге қатысады
2000 жылғы футболшылардан құралған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Slovakia Cup-2018» халықаралық турниріне қатысады.
ҚФФ ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, «Slovakia Cup-2018» халықаралық турнирі 7-11 мамыр аралығында Трнава қаласында өтеді. Жарысқа 8 құрама қатысады. Олар екі топқа бөлінген. Біздің құрама «В» тобында АҚШ, Чехия және Украина құрамаларымен ойнайды.
Аға бапкер Александр Кузнецов шәкірттері қазіргі уақытта Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
«Slovakia Cup-2018» турниріндегі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойын кестесі:
7 мамыр. АҚШ - Қазақстан
8 мамыр. Чехия - Қазақстан
10 мамыр. Қазақстан - Украина
Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылар:
Қақпашылар: Олег Медведев, Владислав Саенко (екеуі де – «Астана»), Данил Устименко («Қайрат»)
Қорғаушылар: Әлім Ілиясов, Сағи Совет, Әділжан Дүйсембаев (барлығы – «Астана»), Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»), Бексұлтан Шәмші(«Ордабасы»), Санжар Әйтім («Ертіс»), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»)
Жартылай қорғаушылар: Жасұлан Қайыркенов, Руслан Махан, Лев Скворцов (барлығы – «Астана»), Бекзат Иманғазеев (Академия «Оңтүстік»), Арман Кеңесов («Иртыш»), Нұрбол Нұрберген («Жетісу»), Дінмұхамед Қараман («Тараз»), Дмитрий Савченко («Қызыл-ЖарСК»)
Шабуылшылар: Максим Ваганов («Ордабасы»), Владислав Прокопенко («Астана»).
Жаттықтырушылар штабы:
Аға бапкер - Александр Кузнецов, аға бапкердің көмекшісі - Игорь Маштаков, қақпашылардың жаттықтырушысы - Ерлан Тілеуқұлов, дәрігер - Ғалилбай Ахметов, массажист - Станислав Ведлер, администратор - Владимир Горячий, менеджер - Дінмұхамед Оралов.