Еркін күрес

Қазақстан – күрестен әлем чемпионатын өткізуге үміткер

Қазақстан – күрестен әлем чемпионатын өткізуге үміткер
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен күрес әлемінің (бұрынғы Халықаралық күрес федерациясы) президенті Ненад Лалович 2019 жылы спорттық күрестен әлем чемпионатын өткізуге Қазақстан мен Түркия елдері үміткер екенін мәлім етті. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі жазды.

Күрестен әлем чемпионаты қай елде өтетіні шілденің соңы немесе тамыздың басында белгілі болады.

«Бізге 2019 жылы спорттық күрестен әлем чемпионатын өткізуге Стамбұл мен Алматы қалаларынан өтініш келіп түсті. Біз аталған елдердің ұсыныстарын мұқият қарап жатырмыз. Таңдау маусым айында жасалады. Біріккен күрес әлемінің атқарушы хатшылығы бюро мүшелеріне нақты шешімді айтады. Отырыс шілде айында Римде өтеді. Осы жиында 2019 жылы әлем чемпионаты қайда өтетінін айтамыз», - деді Ненад Лалович.

Айта кетейік, осы жылдың қазанында Будапешт қаласында спорттық күрестен әлем чемпионаты өтеді. Ал 2019 жылы өтетін күрестен әлем біріншілігі Токио Олимпиадасына іріктеу жарысы болып саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер