Мексикалық отбасы ұлының есімін Геннадий қойған
![Мексикалық отбасы ұлының есімін Геннадий қойған](https://prosports.kz/upload/news/content/472_7d636f44de62ab64696998069eebed5a.jpg?v=28705695)
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин есімі өзінің құрметіне қойылған мексикалық баламен суретке түсті.
«Таныс болыңыздар – бұл баланың да есімі Геннадий. Мексикалықтар да өз балаларының есімін біздің чемпионымыз GGG-дің құрметіне қоятын болған», - деп жазылған Головкиннің «Вконтактедегі» ресми тобында.
Ұлының есімін Геннадий қойған жас отбасы Головкин мен Ванес Мартиросянның баспасөз-мәслихатына арнайы келген.
Айта кетейік, WBA, IBF, WBC, IBO чемпионы Геннадий Головкин жекпе-жектерде «мексикалық стильді» қолданатынын жиі айтады. Мексикада қазақстандық боксшының фанаттары өте көп.
Естеріңізге сала кетсек, бокс кеші 6 мамырда таңда өтеді.