Дзюдо

ҚР ашық чемпионаты: Бес елдің дзюдошылары Өскеменде бақ сынайды

news-banner7
mobile-news-top

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 5 мамырға дейін жалғасатын додаға 23 жасқа дейінгі әйел және ер балуандар қатыса алады.

Аталған біріншілікке Қазақстанның 14 облысы, Астана және Алматы қаласынан жиналған татами шеберлерінен бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мемлекеттерінен келген балуандар 7 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жарыстың алғашқы күні әйелдер 48, 52 және 57 келі салмақта мықтыларды анықтаса, ерлер 60, 66 және 73 келі салмақта сынға түседі. Ал 5 мамыр күні әйелдер арасында 63, 70, -78 және +78 келі салмақтағы мықтыларды анықтаса, ерлер 81, 90, -100 және 100 келіден жоғары салмақтағы балуандар арасындағы үздіктерді анықтайтын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер