русский язык
Әлем футболы

Киевке баратын екінші финалист анықталды

Киевке баратын екінші финалист анықталды
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Чемпиондар лигасының финалында ойнайтын командалар анықталды.

Кеше мадридтік «Реал» мюнхендік «Баварияны» ұтып, Киевте өтетін ақтық сынға жолдама алған болатын.

Ал Италияда «Рома» мен «Ливерпуль» екінші жолдамаға таласты. Бірінші ойындағы 5:2 есебінен соң римдік клубқа қонақтарды кем дегенде 3:0 есебімен жеңу керек еді. Яғни, ширек финалдағы «Барселонаға» қарсы жасаған ерлігін қайталау қажет болатын.

Алайда, ағылшын командасы каталониялықтардың қателігін қайталамады. Матч есебін 9-минутта Садио Мане ашты. Алайда араға 6 минут салып, Джеймс Милнер допты өз қақпасына тоғытып алды. Бұл есеп те ұзақ сақталған жоқ. 25-минутта Джорджиньо Вейналдум қонақтарды екінші рет алға шығарды – 1:2.

Дегенмен, «Рома» да қалыс қалмай, үзілістен соң тағы да таразы басын теңестіріп тастады. Бұл жолы Эдин Джеко көзге түсті. Ал 86-минутта «Рома» матчтағы үшінші голын соқты. Раджа Найнгголан қанжығасын майлаған.

Соңына дейін күрескен италиялықтар 93-минутта екі ойынның есебін бір голға дейін қысқарта алды. Төреші «Ливерпульдің» қақпасына пенальти белгілеп, Найнгголан оны дәл орындады. Бірақ бесінші гол соғуына уақыт жетпей қалды. Қорытынды есеп – 4:2. Екі матчтың қорытындысы бойынша есеп 7:6.

Осылайша, «Ливерпуль» алғашқы ойындағы басымдығын жібермей, финалға жолдама алды.

«Рома» - «Ливерпуль» 4:2 (1:2)

Голдар: 0:1 – Мане 9, 1:1 – Милнер автогол 15, 1:2 – Вейналдум 25, 2:2 – Джеко 52, 3:2 Найнгголан 86, 4:2 Найнгголан пенальтиден 90+3

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;