русский язык

Қазақстандық екі ауыр атлетші допинг күдігіне ілінді

Қазақстандық екі ауыр атлетші допинг күдігіне ілінді

Ауыр атлетикадан биыл Астанада өткен Азия чемпионатында чемпион атанған екі қазақстандық спортшы допинг қолданды деп айыпталуы мүмкін.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы биылғы жылғы жарыстар кезінде допинг қолданды деген күдікке ілінген 64 спортшы бар екенін жариялаған еді.

Астанада өткен Азия чемпионатында топ жарған Александра Аборнева (+75 кг) мен Александр Зайчиков (94 кг) «допинг қолдануы мүмкін» спортшылардың тізімінде бар.

Егер екі спортшының допингке қатысы бар екені дәлелденсе, олар екі жылға спорттан шеттетіліп, Азия чемпионы атағынан айырылады. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допинг қолданғандардың нақты тізімін жыл соңында жариялайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;