русский язык

«Восток» стадионы халықаралық стандарттарға сай қайта жаңартылды

«Восток» стадионы халықаралық стандарттарға сай қайта жаңартылды

ШҚ облысы орталығында 1956 жылы салынған 8,5 мың адамға шақталған «Восток» стадионының халықаралық стандарттарға сай жаңартылуы футболсүйер қауым үшін жағымды жаңалық болды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

«Үлкен жұмыс атқарылды. Франциядан әкелінген соңғы үлгідегі жасанды төсеніштің астына суды сіңіріп отыратын қиыршық тастар мен құм-топырақ төктік, 15 құдық жасадық. Су ағатын құбырларды тарттық, 700 метрдей науа (лоток) жүргіздік. Алаңның шетіне жеңіл атлеттерге арналған жүгіру жолын асфальттан жасадық. Енді оның бетіне арнайы резеңкеге ұқсас материал төсейміз», - деп түсіндірген «Имсталькон» ЖШС-нің директоры Михаил Лабуков негізгі алаңның жанындағы қосымша жаттығу алаңын да жарықтандырып беретінін айтты.

Қайта жөндеуге қалалық бюджеттен барлығы 290 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айында қолға алынып, ағымдағы қазанда аяқталған. Енді, міне, жаңа үлгіде жайнап шыға келген «Восток» стадионы футбол матчтарын өткізуге толық дайын.

Биыл сәуір айында «Восток» футбол клубының жанынан жастарды аяқдоп өнеріне баулитын орталық ашылған болатын. Қазір ол жерде 2003-2005 жылдары туылған екі жүзге тарта балғын футболшы неміс тәсілі бойынша 12 бапкерден дәріс алып, жаттығуларын жүргізуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;