Баскетбол

Баскетболдан Азия Кубогында Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетті

news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Шэнчжэнь қаласында 3х3 баскетболдан Азия Кубогының топтық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Qsport.kz.

Біздің құрама D тобында Жаңа Зеландия және Австралия ұжымдарымен күш сынасты. Алғашқы ойында австралиялықтармен кездескен Қазақстан құрамасы 8:22 есебімен ұтылып қалды. Жолдама тағдырын шешетін екінші матчта да біздің жігіттер қауқарлық таныта алмады. Жаңа Зеландия құрамасы 21:9 есебімен біздің жігіттердің тас-талқанын шығарды.

Қос ойында да ұтылған Қазақстан құрамасы топтық кезеңнен ары аса алған жоқ. Дегенмен Азия Кубогында біздің қыздар құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Өз тобында екі ойында да жеңіске жеткен Қазақстан қыздар құрамасы бірінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты. Ширек финалда біздің қыздар жарыс қожайындары — Қытай құрамасымен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер