Футзал

Какау «Спортинг» футзал клубын баптауы мүмкін

Какау «Спортинг» футзал клубын баптауы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Какау лиссабондық «Спортинг» командасының тізгінін ұстауы мүмкін, деп жазады португалиялық басылымдар.

«Спортингтің» қазіргі бас бапкері Нуну Диас осы маусымның соңында қызметінен кетеді. Ал осы орынға қазақстандықтарға жақсы таныс Какау бапкер баруы мүмкін.

Лиссабондық клуб келесі маусымда UEFA кубогын ұтып алуды көздеп отыр. Осы мақсат үшін клуб президенті Бруно де Карвалью Какау сынды атақты бапкерге үміт артып көрмекші.

Бірақ, Какауда Біріккен Араб Әмірліктерінен түскен ұсыныстар да бар.

Естеріңізде болса, бразилиялық маман «Қайратта» 2013 жылдың қаңтарынан бастап алты маусым жұмыс істеді. Осы аралықта алматылықтармен бірге екі мәрте UEFA кубогын және бірнеше рет Еременко кубогын жеңіп алды. Әрі өзі қызмет арқарған кезде Қазақстан чемпионатының бас жүлдесін ешкімге берген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер