Қысқы

Денис Тен Атырау жастарына шеберлік сағатын өткізді

news-banner7
mobile-news-top

Алдымен жергілікті жас спортшылар шеберліктерін көрсетіп, өздерінің әдемі бағдарламаларын орындады. Кейін Денис Тен ортаға шығып, барлық Атыраулық мәнерлеп сырғанаушыларға өзінің өмірлік тәжірбиесімен бөлісті.

-Қазақстанның барлық мұз айдындарын аралап көрдім. Атыраудағы жағдайға таң қалдым және қуандым. Мұнда кішкене балалар үшін мәнерлеп сырғанауға барлық жағдай жасалған екен. Атыраудағы тегін үйірмелерді басқа облыстардан кездестіру қиын. - дейді әлемге танымал мәнерлеп сырғанаушы.

Чемпионмен кездесу үшін тек қана жастар емес, осы бір спорт түрін сүйіп көретін жанкүйерлер мен Денис Теннің жанкүйерлері жиналды. Шеберлік сағатынан соң мәнерелеп сырғанаушы жақсы әсер алғанын, Атырауда мұндай жылы қарсы алады деп күтпегенін жетізді.

Спортшы әзірге Олимпиада ойындарынан кейін демалу үстінде. Жарақатынан соң қайта мұз айдынына шығып, үлкен белестерді бағындыруды мақсат қойып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер