русский язык
Бокс

Головкин – Мартиросян жекпе-жегі жеңімпазының бапкері арнайы белбеуді иеленеді

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Головкин – Мартиросян жекпе-жегі жеңімпазының бапкері үшін арнайы белбеу әзірледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ол белбеуді орташа салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің жетекшісі Абель Санчес немесе ұлты армян боксшы америкалық Ванес Мартиросянның бапкері Эдмонд Тарвердян алады.

Еске сала кетсек, аталған қос боксшы Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) арнайы белбеуі үшін жұдырықтасады. Bats'il Ajaw Chiapas деп аталатын белбеу ресми нұсқасы бойынша «Нағыз батыр белбеуі» деген мағынаны білдіреді және ол WBC негізін қалаушы, Мексика президенті Адольфо Лопес Матеостың құрметіне арналған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;