русский язык
Бокс

Жанкүйерлер Головкин – Мартиросян жекпе-жегінің постерін сынға алды

НВО телеарнасы Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян жекпе-жегінің постерін жариялады.

Мамандар мен жанкүйерлерге постер ұнамаған. Бұл постерде тек Геннадий Головкиннің ғана суреті бейнеленген. Ал оның қарсыласы Мартиросянның аты-жөні «LIVE» деген жазудан да кішкентай.

Ғаламтор қолданушылары бұл постерге қатысты түрлі пікірлер жазды.

«Головкин 5 мамырда өзімен-өзі жұдырықтасатын секілді», «НВО Мартиросянның кім екенін білмейтін де сияқты», «Бұл Ванеске деген құрметсіздік», «Ол кіммен жұдырықтасады»? – бұл осындай пікірлердің бір парасы ғана.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Мартиросян жекпе-жегі Қазақстан уақытымен 6 мамырда таң атпай басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;