русский язык
Бокс

Ниязов пен Елеусінов жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

Ниязов пен Елеусінов жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

Бруклиндегі Barclays Center аренасында ертеңгі бокс кеші алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті.

Америкада тұратын қазақ Димаш Ниязов жеңіл салмақ дәрежесінің лимитінен асқан жоқ – 138,6 фунт. Ал оның қарсыласы Ангел Саринаның салмағы 138,6 фунт болды.

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Таразыда ол 150,6 фунтты көрсетсе, қарсыласы Ноа Киддтің салмағы 150 фунт болды.

Естеріңізге сала кетсек, бұл кештің басты жекпе-жегінде Дэниэл Джейкобс пен Мацей Сулецки жұдырықтасады. Турнир 29 сәуірде таңда өтеді. Ал тікелей трансляцияны Prosports.kz сайтынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;