Ұлттық спорт

Астанада «Қазақстан Барысы» турниріне іріктеу өтеді

news-banner7
mobile-news-top

27-28 сәуір күндері Астана қаласы, «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне «Астана қыраны» іріктеу сайысы өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Турнирде бірінші орынға ие болған палуанға «Астана қыраны» атағы беріліп, «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алады.

27 сәуір күні сағат 17:00-18:00 аралығында қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Жарыс 28 сәуір күні сағат 10:00-де басталып, 10:00-14:00 аралығында (55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі) салмақтағы спортшылармыз белдеседі.

Сағат 15:00-де турнирдің ашылу салтанаты болады. Одан кейін (90 келі) салмақ дәрежесінен жоғары түйе палуандар сайысы сағат 15:00-19:00-ге дейін өтеді. Түйе палуандар сайысына 25-ке жуық спортшы қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер