русский язык
Бокс

Жүкембаев WBC белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (12-0-0, 10 КО) бірінші орта салмақта WBC Continental Americas титулы үшін жекпе-жек өткізеді.

Жүкембаев 26 мамырда Квебектегі «Centre Videotron» аренасында аргентиналық Хонатан Хосе Эниске (20-9-1, 7 КО) қарсы 10 раундтық жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда аргентиналық боксшы WBC Latino Silver титулының, ал Батыр Жүкембаев IBO International Super белдігінің иегері.

Осы кештің басты айқасында канадалық Давид Лемье француз боксшысы Карим Ачурмен рингте кездеседі. Жекпе-жекте WBC Francophone және орта салмақтағы WBC International белдіктері тігіледі.

Түпнұсқасы: SPORTINFORM Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;