русский язык
Бокс

Головкин мен Альварестің кезекті допинг-тестінің нәтижесі жарияланды

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман «Таза бокс» бағдарламасы аясында Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің таяудағы сынама нәтижесін мәлім етті.

«WBC қазір ғана VADA-дан Сауль Альварестің 2 сәуірдегі және Геннадий Головкиннің 3 сәуірдегі допинг-сынамасының нәтижесін алды. Екеуі де - таза», - деп жазды Сулейман өзінің Туиттердегі парақшасында.

Еске салайық, бүгін «Канелоның» 29 наурыздағы тестінің нәтижесі жарияланды. Оның ағзасында кленбутерол мен басқа да тыйым салынған заттар табылған жоқ.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;