Қазақ күресі

Алматыда «Алматы Барысы-2018» турнирі өтеді

Алматыда «Алматы Барысы-2018»  турнирі өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Боз кілем бәсекесі мамырдың 1-і күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Қаламыздың ең ауқымды спорт шараларының біріне айналған жарысқа аудандық жарыстардан іріктелген үздік палуандар өзара мықтыны анықтайды

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері белбеу және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жарыстың чемпионы атанып «Алматы Барысы-2018» белбеуіне ие болған палуан және екінші, үшінші орын алған спортшылар республикалық «Казақстан Барысы-2018» турниріне жолдама алып, Алматының намысын қорғайтын болады.

«Алматы Барысы» — Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтетін дәстүрге айналған боз кілем додасы болып саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер