Қазақ күресі

Алматыда қазақ күресінен «Алматы Барысы-2018» турнирі өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік астанада мамырдың 1-ші күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Алматы Барысы – 2018 турнирі өтеді.

Ең ауқымды спорт шаралардың біріне айналған жарысқа аудандық жарыстардан іріктелген үздік палуандар өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері белбеу және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жарыстың чемпионы атанып «Алматы Барысы-2018» белбеуіне ие болған палуан және екінші, үшінші орын алған спортшылар республикалық «Казақстан Барысы-2018» турниріне жолдама алып, Алматының намысын қорғайтын болады.

Дереккөз: ақпараттық және спорттық ХАБ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер