русский язык
Бокс

Эдди Хирн: Елеусінов WhatsApp-пен мені сан соқтырды

Эдди Хирн: Елеусінов WhatsApp-пен мені сан соқтырды

Данияр Елеусіновтың промоутері Эдди Хирн келісімшартқа отырмағанға дейінгі қызықты бір жайтты айтып берді.

«Данияр екеуіміз бір айдай WhatsApp-пен сөйлестік. Оның ағылшын тілін осынша жетік меңгерген деп ойламаған едім. Бірақ Қазақстанға ұшып келгенімде оның WhatsApp-та аудармашы арқылы сөйлескенін білдім (күліп). Ол ағылшын тілін үйреніп жатыр, бірақ оның таланттылығына сөз жоқ», - деді Хирн.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов 28 сәуірде Бруклинде кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Ноа Кидд болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;