русский язык
Хоккей

«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Салават Юлаев»

«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Салават Юлаев»

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Салават Юлаев» (Башқұртстан, Уфа) командасын қабылдайды.

Статистикаға сәйкес, осы уақытқа дейін екі команда 16 рет күш сынасқан болатын. Соның 10 кездесуінде «Салават Юлаевтың» жолы болса, «Барыс» өз қарсыласын 6 мәрте жеңді. Дегенмен, биылғы чемпионатта астаналық клубтың көрсеткіші жоғары болып тұр. Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде «Барыс» 49 ұпаймен 4-ші орында келеді. Ал «Салават Юлаевтың» еншісінде 43 ұпай бар. Команда 6-шы орында орналасқан.

Айта кетер жайт, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;