Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының «Құрметті қайраткері» атағы табысталды

news-banner7
mobile-news-top

Кеше Астанада Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы мүшелерінің жалпы жиыны өтті, деп хабарлайды ҚКФЛ-ның ресми сайты.

Шарада Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев лиганың дамуына елеулі үлес қосқан футбол мамандарына «Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының құрметті қайраткері» атағын беріп, естелік сыйлықтарын табыс етті.

Қазақстан Республикасында кәсіби футболдың дамуына үлес қосқаны үшін Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшсысы Азамат Айтқожин, кеңестік және қазақстандық футболдың ардагері, бұрын Ұлттық футбол лигасының төрағасы болған Михаил Гурман және «Қызыл-Жар СК» футбол клубының президенті Григорий Лорияға Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының «Құрметті қайраткері» атағы берілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер