русский язык
Хоккей

«Сарыарқа» хоккей клубы «Соколды» қабылдайды

«Сарыарқа» хоккей клубы «Соколды» қабылдайды

Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында «Сокол» (Ресей, Красноярск) командасын қабылдайды.

Чемпионаттың басында «Сарыарқа» қатарынан бірнеше рет жеңіліп, лиганың ең төменгі сатысына түскен болатын. Алайда бертін келе, жалпы турнирлік кестенің соңғы 26-шы орнынан 13-ші сатыға дейін көтеріле алды. Бүгінде команданың еншісінде 26 ұпай бар. Оған қоса, жақында команданың бас бапкері ауысты. Евгений Зиновьевтің орнына словак Душан Грегор келді. Оның жетекшілігімен «Сарыарқа» соңғы ойында «Ермакты» 2:0 есебімен ұтты.

Айта кеткен жөн, өткен чемпионатта Д.Грегор «Сарыарқаның» бүгінгі қарсыласы - «Соколды» басқарған болатын. Биыл ол команданың жағдайы мәз емес. 17 матчтан кейін ол тек 21 ұпайға ғана қол жеткізіп, жалпы турнирлік кестеде 22-ші орынға орналасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;