«Қазцинк-Торпедо» «Южный Уралмен» кездеседі
![«Қазцинк-Торпедо» «Южный Уралмен» кездеседі](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1383292498_674053845.jpg?v=28713868)
Бүгін өскемендік «Қазцинк-Торпедо» сырт алаңда «Южный Урал» (Ресей, Орск) командасымен кездеседі.
«Қазцинк-Торпедо» соңғы екі ойында «Молот-Прикамье» (Пермь) және «Челмет» (Челябі) командаларынан ұтылған болатын. Соған қарамастан, Өскемен қаласының хоккей клубы турнирлік кестеде 2-ші орынды сақтап тұр. Оның еншісінде 36 ұпай бар. Ал «Южный Урал» 16 матчта барлығы 25 ұпайды жинап үлгерді. Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде бұл команда 15-ші орында тұр.
Айта кетейік, «Қазцинк-Торпедо» осы ойында жеңіске жетсе, лиганың көш басына қайта шығады.