ММА

Османжан Қасымов джиу-джитсудан әлем чемпион атанды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшы Османжан Қасымов Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында Османжан қарсыластарын қоғадай жапырып, әлемдегі ең үздік джитсер екенін көрсетті. 77 келіде сынға түскен отандасымыз төрт белдесу өткізіп, барлығын айқын басымдылықпен ұтты. Алтын жүлде үшін белдесуде жергілікті спортшы Салоуд Алхмадидің мысын басып, әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, аралас жекпе-жектен де, грепплинг күресінен де сынға түсіп жүр. Ол сегізбұрышта 4 жекпе-жек өткізіп, 3 мәрте жеңіске жеткен болатын.

Түпнұсқасы: Qsport.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер