Бокс

Ванес Мартиросян: Әйелім Головкиннің жанкүйері

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) кезекті қарсыласы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) өз әйелінің GGG-ға жанкүйер екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен баршаға өзімнің қаншалықты мықты екенімді көрсетуге мүмкіндік алғаныма қуаныштымын және өзімді өте жақсы әрі күшті сезінемін. Біз Головкин екеуіміз мексикалық емеспіз, алайда Синко де майо мерекесінде барша жанкүйерлерге екеуіміз нағыз мексикалық жауынгерлердің айқасын көрсететінімізге сенімдімін»-, деді Мартиросян boxingscene.com-ға берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ол әйелінің GGG-ға жанкүйер екенін де айтты.

«Менің промоутерім Дон Кинг Головкинмен жұдырықтасу мұмкіндігі туралы хабарласқанда, бірден келісім бердім. Келісімге келгенімізді білгеннен кейін, мен өз әйелімнен менен басқа қайсы боксшыны жақсы көретінін сұрадым, ол Геннадий Головкин деп айтты. Сондықтан, мен енді оны (GGG- авт.) аямай ұруыма тура келді»-, деді Мартиросян.

Айта кетейік, Головкин мен Мартиросян кездесуі 5 мамырда Лос-Анджелес маңындағы Карсонда (Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер