Бокс

Билли Джо Сондерс: Головкин менімен жұдырықтасуға қорқады

news-banner7
mobile-news-top

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерс Геннадий Головкиннің қорыққанынан жұдырықтасқысы келмей жүргенін айтты, деп хабарлайды Daily Star сайты.

Орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі Билли Джо Сондерс WBC, WBA Super, IBF, IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) не үшін өзіне қарсы жекпе-жек өткізгісі келмей жүргенін айтты. Ол өз сөзінде: «Егер GGG менен ешқандай қауіп көрмей, расымен жұдырықтасқысы келсе, бұл жекпе-жек баяғыда болар еді. Бірақ Головкиннің командасы бұл жекпе-жектің қомақты қаржы әкелмейтінін біледі. Головкин мен Канело осы жылы рематч өткізіп, әрқайсы кем дегенде 50 млн АҚШ долларына ие болуды көздейді. Бірақ дәл осы жекпе-жек алдында Геннадий неге маған қарсы жұдырықтасып, барлық белбеулерді иеленгісі келмейді? Өйткені, ол менімен жекпе-жекке шығудан қорқады. Егерде Головкин үшін бұл жекпе-жек қиын болмаса, еш ойланбастан жұдырықтасар еді», – деді Сондерс.

Айта кетейік, Билли Джо Сондерс 23 маусым күні Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жек өткізеді. Ал Геннадий Головкин 5 мамыр күні Ванес Мартиросянмен жұдырықтасады.

Түпнұсқасы: Qsport.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер