Қайрат Боранбаев Атқару комитетінің мүшелігіне кірді

Қайрат Боранбаев Атқару комитетінің мүшелігіне кірді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының Кезекті XVII Конференциясы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шарада 2018-2022 жылдарға арналған «Вперед, Футбол! Алға, Qazaqstan!» атты қазақстандық футболдың даму стратегиясы бекітілді. Сонымен қатар, стратегияны төрт жыл мерзімінде жүзеге асыратын Жол картасы құрылды. Федерация алдағы уақытта ұйымның негізгі жеті бағытын анықтады:

- Ұлттық құрамалар, кәсіпқой футбол

- Балалар мен жасөспірімдер футболы

- Бапкерлерді оқыту

- Бұқаралық футбол

- Төрешілік

- Материалдық техникалық қамтамасыз ету

- Маркетинг

Жиында Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің жаңа құрамының мүшелері сайланды:

- Дәурен Абаев – ҚР Ақпарат және коммуникация министрі;

- Олжас Абраев – ҚР Кәсіпқой футбол лигасының Президенті;

- Сейілда Байшақов – Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі;

- Қайрат Боранбаев – «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы;

- Майя Егімбаева – «Қазақ туризм» Ұлттық компаниясы» басқармасының басқарма директоры – мүшесі;

- Дархан Кәлетаев – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі министрі;

- Берік Қаниев - «Lancaster group» директорлар кеңесінің төрағасы және акционері Берик Қаниев;

- Николай Мещеряков - «Цесна-Астык» концерні» ЖШС Басқарма төрағасы;

- Архимед Мұхамбетов – Қостанай облысының әкімі;

- Қайрат Оразбеков - «Қайрат» футзал клубының президенті;

- Ерлан Сағадиев – ҚР Білім және ғылым министрі;

- Саян Хамитжанов – «Астана» футбол клубының президенті;

- Михаил Чирков – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;

- Бауыржан Әбдубайытов - БИІК компаниясының президенті

Конференцияға құрметті қонақ ретінде «Рубин» футбол клубының бас бапкері Құрбан Бердыев, УЕФА Ұлттық құрамалар қауымдастығының директоры Зоран Лакович, қазақстандық футболдың ардагері және аты аңызға айналған алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди, «Рубин» футбол клубының жастар футболының даму бағдарламасының жетекшісі Иван Данильянц шақырылды.

Конференция аяқталғаннан кейін Футбол үйі манежінің жасыл алаңы жолдастық матчпен ашылды. Жолдастық кездесуге Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының жетекшілері, қазақстандық футбол клубтарының директорлары мен футбол ардагерлері қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер