Григорий Бабаян: Командамның бірінші таймдағы ойынына көңілім толмады

Григорий Бабаян: Командамның бірінші таймдағы ойынына көңілім толмады
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» клубы ел чемпионатының 19 турдың алдын-ала ойналған кездесуінде «Қызылжар» командасымен ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойыннан соң елорда командасының бас жаттықтырушысы Григорий Бабаян матч туралы пікірін айтты:

- Командамның бірінші таймдағы ойынына көңілім толмады. Біз допқа таласу болсын, пас асыруда болсын қарсыласқа жеңілдік. Дегенмен, бұған қарамай бізде гол соғатын бірнеше мүмкіндіктер болады. Бірақ кей сәттерде оны жүзеге асыра алмадық. Ал екінші таймда алыстан бірнеше соққы жасауға мүмкіндік алдық. Өкінішке қарай, «Астана» бүгін өз ойынын көрсете алмады. Десе де екі гол соғып, маңызды жеңіске қол жеткіздік. Сондай-ақ «Қызылжар» командасының ойынын ерекше айтып өткім келеді. Олар бізге лайықты қарсылық көрсетті.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер