Роналду Пушкашты басып озды
![Роналду Пушкашты басып озды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1383285138_167691598.jpg?v=28715298)
Португалдық футболшы Криштиану Роналду «Реал» тарихындағы үздік 5 сұрмергеннің қатарына енді.
Испания Ла-Лигасының 11 тур ойындарынан кейін Роналду «корольдік клуб» сапындағы 158 голын соғып, әйгілі сұрмерген Ференц Пушкаштан (156 гол) басып озды. Бұл кездесуде жартылай қорғаушы хет-трик авторыатанды. Ал «Реал» «Севильядан» 7:3 есебімен басым түсті.
«Реал» тарихындағы үздік сұрмергендер:
1. Рауль – 228 гол
2. Ди Стефано – 216 гол
3. Сантильяна – 186 гол
4. Уго Санчес – 164 гол
5. Криштиану Роналду – 158 гол
6. Ференц Пушкаш – 156 гол