Басқа

Баландин Қазақстан чемпионы атанды

Баландин Қазақстан чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Дмитрий Баландин 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстанның ұлттық олимпиадалық комитеті сайтына сілтеме жасап.

Спортшы қарсыласы Айбек Қамзеновты озып, мәреге бір минут 39 секундта жеткен. Жарыстың ашылу салтанаты Ақтөбеде сейсенбі күні болды. Биыл ел біріншілігіне Қазақстан мен Ресейден 250 спортшы қатысып жатыр.

Баспасөз мәслихатында олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин алдағы жоспарымен бөлісті:

«2014 жылы халықаралық рейтингтік турнирде жоғары көрсеткішке қол жеткіздім. Сол кезде Олимпиада ойындарына қатысып көрсем қайтеді деген ой келді. Әлбетте, мұндай жоғары жетістікке жетем деп ойламаған едім. Алдағы басты мақсатым — Токиодағы Олимпиада ойындары», — деді Баландин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер