«Астана» сырт алаңда үш ұпай еншіледі

«Астана» сырт алаңда үш ұпай еншіледі
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан ел чемпионатының 19-турындағы «Қызыл-Жар СК» мен «Астана» матчы бүгінге ауыстырылған болатын.

Петропавлда алаң иелері ел чемпионына ұзақ уақыт бойы күш көрсеткенімен, ойын соңына таман жеңісті қарсыласқа беріп қойды. Үзіліске дейін есеп ашылмаған еді.

Ал матчтың 79-минутында «Қызыл-Жар» ойыншылары өз айып алаңына жақын тұста Бактиер Зайнутдиновке қарсы ойын тәртібін бұзған. Нүктеге келген Патрик Твумаси айып соққысынан соң қанжығасын майлады.

Ал 90-минутта Твумаси екінші голын соғып, матч нүктесін қойды.

Қорытынды есеп – 2:0, елордалық клуб қонақта ауыр жеңіске қол жеткізді.

«Қызыл-Жар СК» - «Астана» 0:1

Гол: Твумаси 80, 90

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер