«Құпия» ақпарат

Елімізде келісілген ойындар үшін қатаң жазаламақ

Елімізде келісілген ойындар үшін қатаң жазаламақ
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясы келісілген матчтармен күреспек. Осы орайда ҚФФ төрағасы Әділбек Жақсыбеков төрешілер мен клубтардың арасында әділ ойын өткізу туралы меморандум жасалғанын атап өтті.

«Біз келісілген матчтармен күресу үшін арнайы комиссия құрамыз. Мұндай комиссия бұрын да болған, бірақ кейін ол белгісіз себептермен жабылған. Бірден ескерткім келеді, бұл – федерацияның позициясы. Ертең дау-дамай туындап, өсек-аяң тарамас үшін әрі шағымдар түспес үшін аталған мәселемен біз қатаң түрде күресеміз. Егер келісілген матчтардың белгілері анықталса, біз (команданың – автор) жеткен жетістігіне қарамастан, ол қатаң түрде жазаланады. Мұндай жағдайлармен біз бетпе-бет келгенбіз», - деді ол.

Сонымен қатар Әділбек Жақсыбеков алдағы уақыттан бастап, келісілген матчтарға қатысқан футбол клубары қатаң жазаланатынын атап өтті.

«Мүмкін, қара ниетті, бопсалаушы төрешілер де бар шығар. Енді бұл жағдайларға қатаң жаза қолданамыз. Уақытында шара қолданып, мұндайға жол бермейміз. Бұл фактор футболды құртып жатыр. Мұндай жағдайлар біз жұмысымызды енді бастаған жылдары болған. Сол уақытта барлығы жемқорлыққа белшесінен батып, аталған мәселеде шындық түбіне жете алмайтынбыз. Ертең маған ренжімеңіздер. Егер қолымызда айғақтар болса, ешқандай дәлелді қабылдамаймыз», - деп түйіндеді сөзін ҚФФ төрағасы.

Түпнұсқасы: baq.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер