Грек-рим күресі

Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді

news-banner7
mobile-news-top

4-6 мамыр аралығында Ақтау қаласында Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі үшін грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан турнир жастар арасында өтеді. Додада бағы мен бабы қатар шауып топ жарған балуандарға алдағы уақытта әлемдік аренда өнер көрсетуге мүмкіндік туады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бұл турнир Алматы қаласында өткен болатын. Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 маусымда Қазақ КСР-дағы Жамбыл облысы, Свердлов ауданының «Чапаев» ауылында дүниеге келген. Ол Кеңес Одағының классикалық стильдегі күрес палуаны, ҚСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ КСР-ның еркін күрес бойынша жеңімпазы. Сонымен бірге, Әлем чемпионы (1981), Әлем кубогының күміс жүлдегері (1980), Кеңес Одағының екі дүркін жеңімпазы (1975, 1980), КСРО біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы (1975, 1980).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер