Головкин: Канеломен рематч па? Көреміз
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық боксшы Геннадий Головкин дәл қазір мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу туралы ойламайтынын айтты.
«Канело ма? Дәл қазір онымен шаруа бітті. Қыркүйекте реванш өткізгім келе ме? Көреміз. Бұл басқа шаруа. Бокс – бизнес. Канеломен тағы да жұдырықтасқым келеді. Алайда ол менімен кездескісі келе ме екен? Содан сұраңыздар.
Мен енді Канело туралы ойламаймын. Бар назарым алдағы жекпе-жегімде. Ванес Мартиросянмен жұдырықтасқым келеді. Оның 2004 жылы Олимпиада ойындарына қатысқаны есімде. Онымен жұдырықтасу оңай емес. Ванес – мықты әрі рингте белсенді боксшы», - деді Головкин.