Бокс

Головкин: Канеломен рематч па? Көреміз

Головкин: Канеломен рематч па? Көреміз
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин дәл қазір мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу туралы ойламайтынын айтты.

«Канело ма? Дәл қазір онымен шаруа бітті. Қыркүйекте реванш өткізгім келе ме? Көреміз. Бұл басқа шаруа. Бокс – бизнес. Канеломен тағы да жұдырықтасқым келеді. Алайда ол менімен кездескісі келе ме екен? Содан сұраңыздар.

Мен енді Канело туралы ойламаймын. Бар назарым алдағы жекпе-жегімде. Ванес Мартиросянмен жұдырықтасқым келеді. Оның 2004 жылы Олимпиада ойындарына қатысқаны есімде. Онымен жұдырықтасу оңай емес. Ванес – мықты әрі рингте белсенді боксшы», - деді Головкин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер