Әлем футболы

«Ливерпуль» – «Рома»: Ойын алдында

«Ливерпуль» – «Рома»: Ойын алдында
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының алғашқы жартылай финалында «Ливерпуль» мен «Рома» клубтары кездеседі.

Бұл команданың қайсысы финалға өтсе де финалда аутсайдер болары анық. Себебі «Реал» де, «Бавария» да деңгейі бұл командалардан әлдеқайда жоғары.

Дегенмен футбол болған соң әртүрлі жағдайлар орын алып жатады. Ширек финалдық кездесуде «Рома» «Барселонаны» ұтып футболда таңғажайып нәрселердің болып тұратындығын бір дәлелдеп тастаған.

«Ливерпуль» клубы биыл керемет ойын көрсетіп жүр. Жартылай финалда дәл осы ағылшындық команда фаворит саналуда. Себеп те жоқ емес. Мане, Фирмино, Салах үштігі кез келген команданың қорғанысын бұзып жаруға әзір. Әсіресе соңғысы биыл рекорд біткеннің бәріне түзету енгізумен келеді. Бір жыл бұрын «Рома» клубының намысын қорғап жүрген Салах бүгін өзінің бұрынғы клубына қарсы ойнайды.

«Ливерпуль» клубында «Ромамен» салыстырғанда Чемпиондар лигасында ойнаған тәжірибе жеткілікті. Тұп тура бір мүшел жыл бұрын Стамбулда өткен финалда «Миланмен» ойында керемет камбэк жасап турнирде топ жарған. Одан кейін тағы бір рет финалға шығып дәл сал «Миланнан» жеңілген. Содан бері «Ливерпуль» клубына Чемпиондар лигасында топ жару былай тұрсын қатысудың өзі арман болып келген. Команда тізгінін Клопп ұстағалы бері тасы ливерпульдік команданың тасы өрге домалап тұр.

Ал «Рома» Чемпиондар лигасында ешқашан жеңімпаз атанбаған. Тек бір рет финалға шығып жеңіліп қалған. Финалда басқа басқа емес дәл осы «Ливерпульге» есе жіберген. Бұл 1983/84 маусым болатын.

Кездесу Астана уақытымен 00:45-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер