Бокс

Бокстан Амалбек Тшанов атындағы турнир аяқталды

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда бокстан жастар арасындағы ҚСРО-ның спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген бапкері Амалбек Тшановтың жүлдесіне арналған V халықаралық турнирі аяқталды.

Жарыс Республикалық спорт колледжінің жеңіл атлетика манежінде «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында төрт күн бойы өтті. Осы додаға 130-дан асқан еліміздің әр өңірінен және Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен келген 2000-2001-ші жылғы боксшылар өз бақтарын сынады.

Бокс додасы 10 салмақ дәрежесі бойынша Халықаралық бокс федерациясының ережесіне сәйкес өткізілген жарыстың қортындысы бойынша Артур Негапетян (Ресей), Даулет Сейдалиев, Темірлан Дюсупов, Әлімжан Тұрсынов, Нұрдос Төлебай, Кирилл Новоселов (Ресей), Александр Шешунов (Ресей), Шынарбек Батинул, Дмитрий Захаров (Ресей) және Евгений Рябшен (Ресей) чемпион атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медал және бағалы сыйлықтарға ие болады. Сонымен қатар, «турнирдін үздік боксшысы» ресейлік 69 келі салмақта өнер көрсеткен Кирилл Новоселов атанса, «үздік төреші» болып AIBA төрешісі Михаил Шашков танылды.

- Бұл турнир жақсы өтті деп ойлаймын. Қатысушылар саны биыл көп болды – 133. Олардың деңгейі былтырғыдан қарағанда өскен. Барлығыда дән риза, жанкүйерлер де керемет қолдау көрсетті. Жеңімпаздардың барлығы спорт шебері атағын алды. Біздің спортшыларда бар күштерін салып тырысты, нәтижелер көңілімнен шықты, дегенмен әлі де дайындық қажет. Болашақта олар өздерін биіктерден көрсетеді деп сенемін, - деп Амалбек Тшанов қортындылады.

Айта кетер жайт, бұл турнир осымен екінші жыл шет елден келген спортшылардың қатысуымен өткізілді. Оның басты мақсаты бокс спорт түрін жастардың арасында дамыту және оларды спорт шеберлігіне дайындау болып табылады.

Дереккөз: ақпараттық және спорттық ХАБ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер