Футзал

«Қайрат» қос бірдей бразилиялық ойыншысымен қоштасады

news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының бразилиялық ойыншылары Алешандре және Эдуардо Жабамен жасалған келісімшарт мерзімі аяқталды. Олар енді алматылық клубтан кетеді.

Клуб басшылығы қос футзалшыға өз ризашылықтарын білдіріп, алғысын айтты. Сондай-ақ, олардың мансабына одан әрі табыстар тіледі.

Айта кетейік, Алешандре «Қайраттың» танымал ойыншыларының бірі. Ол клубпен бірге екі мәрте UEFA кубогын, бірнеше рет Еременко кубогын жеңіп алған. Сонмен қатар бірнеше мәрте ел чемпионы атанған. Ал Эдуардо алматылық клуб сапында тек бір маусым ғана өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер