Томасов нәтижелі ойын көрсетуін жалғастыруда
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Астана» шабуылшысы Марин Томасов «Ордабасыға» қарсы кездесуде нәтижелі пас беріп, осы нәтижесінің арқасында табысты ойындарының санын 10-ға жеткізді.
Өткен маусымдағы Еуропа Лигасы аясында чехиялық «Славияға» қарсы ойында нәтижелі пас жасаған хорватиялық ойыншы, сол уақыттан бері алаңдағы нәтижелілігін жоғалтпай келеді.
Марин жалпы 10 ойында 6 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.